Ресей АҚШ-тың Иранға сес көрсетуін сынады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47039-Ресей_АҚШ_тың_Иранға_сес_көрсетуін_сынады
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иран мұнайын Венесуэлаға экспорттауды жеңілдетушілерге сес көрсетуін қабылдауға келмейтін әрекет деп атап, Вашингтонның қысым жасау саясатын айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 05, 2020 14:14 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың Иранға сес көрсетуін сынады

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иран мұнайын Венесуэлаға экспорттауды жеңілдетушілерге сес көрсетуін қабылдауға келмейтін әрекет деп атап, Вашингтонның қысым жасау саясатын айыптады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мария Захарова бейсенбі күні кешке: «АҚШ-тың Иран мұнайын Венесуэлаға экспорттауды жеңілдетушілерге сес көрсетуі қабылдауға келмейді»,-деді.  

Захарова АҚШ-тың санкциялық саясатын айыптап: «Мәскеу Вашингтоннан заңсыз шараларын доғаруды талап етеді»,-деді.

АҚШ Қаржы министрлігі жуырда Иран мұнайын Венесуэлаға жіберуге атсалысқан 4 кеме компаниясына санкция жариялап: «Иран мұнайын Венесуэлаға экспорттауға атсалысқан елдер, айлақ басшылары, кеме иелері мен капитандар АҚШ-тың санкциялық тізіміне енгізіледі»,-деп қоқан-лоққы жасады.