АҚШ полициясы қарт адамды жерге құлатты
Маусым 06, 2020 10:17 Asia/Almaty
Видеолардан АҚШ полициясының шеруді бақылау үшін қатыгездік жасайтыны мәлім болды. Нью-Йорк штатындағы Буффало полициясы Джордж Флойдтың өліміне наразылық білдіру ағымында 75 жастағы қартты жерге құлатты. Видеодан адамның басының жерге тиген дыбысы естілді. Содан соң оның құлағынан қан ақты. Оның жағдайы нашар деп хабарланды.