Ғарибабади: Агенттіктің жаңа есебі тексеру жұмыстарының жалғасып жатқанын көрсетеді
Маусым 06, 2020 15:00 Asia/Almaty
Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Ғарибабади жұма күні: «Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөніндегі жаңа есебі Агенттіктің тексеру жұмысын жалғастырып жатқаны мен Иранның бұл келісімдегі міндеттемелерін тоқтату туралы шешімін іске асырғанын көрсетеді»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Казем Ғарибабади: «Бұл есепте жаңа ядролық техникалық өзгерістер, соның ішінде Иранда ауыр су өндірісінің 130 тоннадан артып, 132,6 тоннаға жетуі және уран байытатын «IR4», «IR5», «IR6», «IRS», «IRS6», «IR2M» машиналарын пайдаланатыны туралы айтылды»,- деді.