Вашингтонда мыңдаған адам нәсілдік кемсітушілікке қарсы шеруге шықты
Маусым 07, 2020 12:47 Asia/Almaty
Мыңдаған америкалық азамат Джордж Флойдтың өліміне наразылық білдіру үшін Вашингтон қаласындағы атақты ғимараттардың бірі Линкольн мемориалды кешенінің алдында жиналды.
Содан соң Пенсильвания көшесімен тура Ақ үйге қарай қозғалды. Алайда АҚШ-тың түкпір‑түкпіріндегі наразылықтардан кейін «Лафайет» алаңының айналасына жуырда қойылған темір шарбақтарға байланысты шерушілер алға жылжи алмады.


