Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47076-Өзбекстан_Қазақстанға_гуманитарлық_көмек_жіберді
Өзбекстан коронавирустың таралуымен күресу мақсатында Қазақстанның Түркістан қаласына гуманитарлық көмек жіберді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 08, 2020 14:47 Asia/Almaty
  • Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Өзбекстан коронавирустың таралуымен күресу мақсатында Қазақстанның Түркістан қаласына гуманитарлық көмек жіберді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 150 мың медициналық маска, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 лазерлік қызуөлшегіш және 440 медициналық төсектен тұратын бұл гуманитарлық көмек 3 жүк көлігімен Түркістан қаласына жеткізілді.

Осы мәліметке сәйкес, аталмыш гуманитарлық көмек Түркістан қаласындағы медициналық орталықтарға таратылды.

Өзбекстан мен Қазақстанның сауда айналымы 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға өсіп, 2 млрд 750 млн долларды құрады.