Пелоси мен Конгресс демократтары Джордж Флойдты еске алып, тізе бүкті
Маусым 09, 2020 11:01 Asia/Almaty
Global News агенттігінің мәліметі бойынша, Ненси Пелоси рәсімде: «Біз АҚШ-тағы құлдық пен оның салдарларына куә болдық. Халық бұл тақырып, әсіресе полицияның рақымсыздығы туралы қатаң ұстаным білдіруі керек. Біз бұл жерге Джордж Флойдқа құрмет білдіру үшін жиналдық»,- деді.
Біз үнсіздігімізбен Флойд және полицияның рақымсыздығынан өлген басқа адамдарға құрмет білдіреміз»,- деп мәлімдеді.
Сенаттағы аз санды топтар өкілі Чак Шумер: «Бүгін біз үнсіздігімізбен әділеттің баршаға, яғни қара нәсілді немесе барлық басқа америкалықтарға тиесілі екенін қуаттаймыз»,- деді.