Ұлыбританияда құлдық символы құлатылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47093-Ұлыбританияда_құлдық_символы_құлатылды
АҚШ пен Ұлыбритания және басқа Батыс мемлекеттеріндегі нәсілшілдікке қарсы шерушілер зорлық-зомбылық символдарын құлатып жатыр. Британияның Бристол қаласында шерушілер Эдвард Колстонның ескерткішін құлатты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 10, 2020 10:02 Asia/Almaty

АҚШ пен Ұлыбритания және басқа Батыс мемлекеттеріндегі нәсілшілдікке қарсы шерушілер зорлық-зомбылық символдарын құлатып жатыр. Британияның Бристол қаласында шерушілер Эдвард Колстонның ескерткішін құлатты.

Эдвард Колстон (1636-1721) Британия құл сатушыларының бірі болған. Сондай-ақ, елінде қайырымдылық жұмыстарымен айналысқан парламентінің мүшесі. Ол Бристол мен Лондондағы мектептер, ауруханалар мен шіркеулердің демеушісі болды. Оның атымен көше және мектеп аталды. Оның «қайырымдылық» ұйымдарының көбі осы күнге дейін Британияда жұмыс жасаа жатыр. Оның байлығының көп бөлігі Африка мен Азия елдерін талан-таражға салу және құлдарды қанау арқылы жиналды.