Ирандық фильм Ресей фестивалінің үздік фильм жүлдесін алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47100-Ирандық_фильм_Ресей_фестивалінің_үздік_фильм_жүлдесін_алды
Қысқаметражды ирандық «Қорап адам» фильмі Ресейде өткен Еуропа халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің «Үздік фильм» жүлдесін иеленді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 10, 2020 17:35 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм Ресей фестивалінің үздік фильм жүлдесін алды

Қысқаметражды ирандық «Қорап адам» фильмі Ресейде өткен Еуропа халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің «Үздік фильм» жүлдесін иеленді.

European International film festivalалтын фестивальдердің бірі. Ол жаңа дарындарды табу мақсатында Санкт-Петербург қаласында өтеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, ирандық режиссер Манучехр Теймурзаденің «Қорап адам» фильмі орыс тіліне аударылып, Санкт-Петербург қаласында көрсетіледі. «Қорап адам» фильмі өз мақсатына жету үшін жасөспірім кезінен ағаш қораптың ішінде өмір сүріп, анасының сөзін тыңдамай, қораптан шықпаған орта жастағы ер адамның өмірін көрсетеді.