Ирандық фильм Ресей фестивалінің үздік фильм жүлдесін алды
Маусым 10, 2020 17:35 Asia/Almaty
Қысқаметражды ирандық «Қорап адам» фильмі Ресейде өткен Еуропа халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің «Үздік фильм» жүлдесін иеленді.
European International film festival – алтын фестивальдердің бірі. Ол жаңа дарындарды табу мақсатында Санкт-Петербург қаласында өтеді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, ирандық режиссер Манучехр Теймурзаденің «Қорап адам» фильмі орыс тіліне аударылып, Санкт-Петербург қаласында көрсетіледі. «Қорап адам» фильмі өз мақсатына жету үшін жасөспірім кезінен ағаш қораптың ішінде өмір сүріп, анасының сөзін тыңдамай, қораптан шықпаған орта жастағы ер адамның өмірін көрсетеді.