АҚШ-та тағы бір қарусыз қара нәсілдінің өлтірілгені туралы видео жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47108-АҚШ_та_тағы_бір_қарусыз_қара_нәсілдінің_өлтірілгені_туралы_видео_жарияланды
АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы жаппай шеру өтіп жатқан шақта осы ел полициясының тағы бір қарусыз қара нәсілдіні өлтіргені туралы видео таралды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 11, 2020 12:12 Asia/Almaty

АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы жаппай шеру өтіп жатқан шақта осы ел полициясының тағы бір қарусыз қара нәсілдіні өлтіргені туралы видео таралды.

NBC News сайтының жазуынша, АҚШ-тың Нью-Джерси штатының Бас прокуратурасы 28 жастағы қара нәсілді азамат Маурис Гордонды жол-көлік ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкері Рэндалл Ветцел тоқтатып, өлтіргенін хабарлады.

Нью-Джерси штатының Бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Ветцел сот отырысында Гордонды тоқтату үшін бұрыш шашқанын, бірақ оның қарсылық көрсетуі физикалық тартысқа ұласып, ақырында Гордонды алты оқпен атып өлтіргенін айтты.

Нью-Джерси штатының Бас прокуратурасы: «Бастапқы зерттеулер көрсеткендей, қара нәсілді азамат ұсталып, өлтірілген кезде қарусыз болған»,-деп баса айтты.