АҚШ-та тағы бір қарусыз қара нәсілдінің өлтірілгені туралы видео жарияланды
АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы жаппай шеру өтіп жатқан шақта осы ел полициясының тағы бір қарусыз қара нәсілдіні өлтіргені туралы видео таралды.
NBC News сайтының жазуынша, АҚШ-тың Нью-Джерси штатының Бас прокуратурасы 28 жастағы қара нәсілді азамат Маурис Гордонды жол-көлік ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкері Рэндалл Ветцел тоқтатып, өлтіргенін хабарлады.
Нью-Джерси штатының Бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Ветцел сот отырысында Гордонды тоқтату үшін бұрыш шашқанын, бірақ оның қарсылық көрсетуі физикалық тартысқа ұласып, ақырында Гордонды алты оқпен атып өлтіргенін айтты.
Нью-Джерси штатының Бас прокуратурасы: «Бастапқы зерттеулер көрсеткендей, қара нәсілді азамат ұсталып, өлтірілген кезде қарусыз болған»,-деп баса айтты.