Дональд Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салуға рұқсат берді
Маусым 12, 2020 12:11 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке АҚШ-тың Халықаралық қылмыстық соттың бірнеше жоғары лауазымды қызметкеріне санкция салу шешіміне реакция білдіріп: «Халықаралық қылмыстық сот өздерін «дипломат» деп атайтын заң бұзушылар тарапынан нысанаға алынуда»,- деп жазды.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-де АҚШ-тың бұл шешімін айыптауымен бірге әлемдік қоғамның Вашингтонның зорлық-зомбылығына үнсіздік танытып отырғанын сынап: «Әлемдік қауымдастық оянып, зорлық-зомбылықтың салдарларын түсінуі үшін қандай оқиға болуы керек?!»- деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салуға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.