АҚШ-тың танымал баскетболшысы наразыларға қосылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47133-АҚШ_тың_танымал_баскетболшысы_наразыларға_қосылды
Миннеаполисте бейсенбі күні жүздеген наразы АҚШ-тағы кәсіби баскетбол жарыстарындағы (НБА) «Сан-Антонио Сперс» командасының бұрынғы чемпионы Стивен Джексон басқарған митингке қатысты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 13, 2020 10:06 Asia/Almaty

Миннеаполисте бейсенбі күні жүздеген наразы АҚШ-тағы кәсіби баскетбол жарыстарындағы (НБА) «Сан-Антонио Сперс» командасының бұрынғы чемпионы Стивен Джексон басқарған митингке қатысты.

Джексон бұл митингте Джордж Флойдты жақын досы әрі бауыры деп атап, олардың ортақ досы арқылы танысып, бір-біріне ұқсас екені туралы әзілдескенін айтып: «Адамдар әртүрлі мәселелер жөнінде сөйлеседі. Бірақ егер олар ешқашан жоққа шығара алмайтын бір нәрсе болса, бұл – махаббат. Махаббат кез келген нәрседен жоғары. Бүгін мен бұл жерге дауысымды Миннесотаға жеткізу үшін келдім. Бауырларымның құқықтарына қатысты әділет орнатылмайынша, кетпеймін»,- деді.