АҚШ-та әділетсіздікке қарсы қозғалыс артты
Маусым 13, 2020 10:11 Asia/Almaty
АҚШ-тағы нәсілшілдік пен әділетсіздікке қарсы наразылықтардың жалғасуымен тұспа-тұс Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары АҚШ полициясының қара нәсілді жігітке күш көрсетіп жатқанын көрсететін жаңа видео жариялады.
Видеода әйел полиция қызметкері ұсталған адамның басын тізесімен басып, видеоны түсіріп тұрған адамға: «Біз сендерге бұл жерден кетуге рұқсат бердік, бірақ сендер кетпедіңдер. Біз сендерге кетуді бұйырдық, бірақ сендер оған бағынбадыңдар»,- деді. Келесі полиция қара нәсілді жігіттен: «Жараландың ба?»- деп сұрады.