Канада Иранның украиналық ұшақтың «қара жәшігі» жөніндегі шешімімен келісті
Маусым 13, 2020 17:13 Asia/Almaty
Канаданың Көлік министрі елінің украиналық апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігін» Францияға жіберу туралы Иранның шешімімен келіскенін жариялады.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы (ИКАО) Иран өкілі Фархад Парвареш жұма күні: «Иран Франциядағы әуе апаттары агенттігінен (BEA) украиналық ұшақтың «қара жәшігін» оқып беруді сұрады»,- деп хабарлады.
Канада Көлік министрі Марк Гарно Оттаваның Теһранның апатқа ұшыраған украиналық Boeing ұшағының «қара жәшігін» Украинаның орнына Францияға жіберуіне келісіп, бұл шешімнің тез арада іске асырылуын сұрап: «Біз «қара жәшікті» Францияға жіберуді жақсы шешім санаймыз»,- деді.
Тегтер