Анланта полициясының басшысы бір қара нәсілдінің өлтірілуіне байланысты қызметінен бас тартты
Маусым 14, 2020 13:41 Asia/Almaty
Анланта полициясының басшысы Эрика Шилдс жексенбі күні осы қаланың полиция қызметкері электр тапаншасымен (Taser) 27 жастағы бір қара нәсілдіні өлтіруіне байланысты қызметінен бас тартты.
Сенбі күні кешке Джорджия зерттеу кеңсесі Атланта полиция басқармасына сілтеме жасап, бір мейрамхананың ауласында көлігін тұраққа қойып жатқан бір қара нәсілді жігіттің өлтірілгенін хабарлаған болатын.
Екі полицейдің осы азаматпен қақтығысы түсірілген видеодан олар жігітті құрықтай алмаған соң, оған электр тапаншадан оқ атқаны белгілі болды.
Джорджия полициясы осы оқиғадан кейін қара нәсілді жігіттің ауруханаға жеткізілгенін, бірақ отадан кейін қайтыс болғанын хабарлады.