Қазақстан – Иранның экспорт мақсатындағы жиырма елдің бірі
Иран елшісі Маджид Сабер Қазақстанды ирандық тауарлар экспортталатын 20 елдің бірі деп атап, екі ел арасында трансшекаралық егіншілік және инженерлік-техникалық қызметтер көрсету туралы мамандандырылған отырыстар өткізуге ұсыныс жасады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Сабер бейнеконференция форматында өткен Иран мен Қазақстанның экономикалық қатынас деңгейін жоғарылату және дамыту жолдарын талқылау отырысында Қазақстанды Иранның экспорттық мақсаттағы 20 елдің бірі деп атап: «Қазақстан – құрлықта қамалған ең үлкен ел, бірақ Қытай және Ресеймен көршілес орналасуы және Каспий теңізінде ұзын шекараға ие болуы бұл елге үздік географиялық жағдай берді»,-деді.
Маджид Сабер транзитті Иранның Қазақстанмен қатынасындағы экономикалық артықшылықтардың бірі деп атап: «Біздің Қазақстанмен қатынасымыздағы экономикалық басымдықтар 4 өзекке – тасымал және транзит, сауда, егін шаруашылығы және кен өнеркәсібіне негізделген. Осы салалардың барлығында кәсіпкерлер мен ирандық компаниялардың қатысуына жақсы жағдай жасалған. Екі елдің саяси қарым-қатынасы жақсы деңгейде»,-деді.