Халық Нью-Йорк орталығындағы бұқаның ескерткішінен береке тілейді
Жылдар бойы Wall Street Bull деп танымал болған бұқа ескерткіші Нью-Йорктегі Wall Street пен State Street тұрғындары мен қызметкерлері үшін «Самарра бұзауына» (golden calf) айналған болатын.
Көптеген адам күн сайын бұл ескерткіштің қасынан өтіп, оны қолымен ұстаса, тұрмыстарына береке кіріп, қаржы жағдайы жақсарады деп сенді. Wall Street Bull мекемелер, биржалар, брокерлер, фирмалар және Уолл-стрит банктері үшін маңызды жарнаманың бірі болуымен бірге АҚШ үкіметі үшін туристік кіріс енгізеді. Бірақ бұл күндері Батыста наразы халық ескерткіштер, пұттар, либерализм мен империализмнің белгілерін бірінен соң бірі құлатып, қиратып жатыр. Сондықтан билік пен байлықтың белгісі саналатын Wall Street Bull ескерткіші АҚШ полициясының қорғауына алынды.