БҰҰ-дағы Африка тобының ұсынысымен АҚШ полициясының нәсілшілдігін талқылайтын отырыс өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47178-БҰҰ_дағы_Африка_тобының_ұсынысымен_АҚШ_полициясының_нәсілшілдігін_талқылайтын_отырыс_өтеді
АҚШ полициясының нәсілшілдігіне қарсы осы және басқа елдерде наразылықтардың жалғасуына байланысты БҰҰ Адам құқығы кеңесі бұл тақырыпты талқыға салу мақсатында отырыс өткізеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 16, 2020 11:29 Asia/Almaty
  • БҰҰ-дағы Африка тобының ұсынысымен АҚШ полициясының нәсілшілдігін талқылайтын отырыс өтеді

АҚШ полициясының нәсілшілдігіне қарсы осы және басқа елдерде наразылықтардың жалғасуына байланысты БҰҰ Адам құқығы кеңесі бұл тақырыпты талқыға салу мақсатында отырыс өткізеді.

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңесінің австриялық басшысы Элизабет Тихи-Фисслбергер кеше дүйсенбі күні кеңестің отырысында африкалық мемлекеттердің ұсынысын қабылдап, 17 маусымда шұғыл отырыс өткізуге келісті. БҰҰ-дағы Африка елдері тобы Адам құқығы жөніндегі кеңес басшысына ресми ұсыныс жасап, АҚШ-тағы қара  және басқа  түрлі-түсті нәсілділерге қарсы нәсілшілдіктің күшеюі мәселесін қарастыруды сұрады. Аталмыш топтың ұсынысында АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы Джордж Флойдтың өлімі мен дүниежүзінде тегі африкалық азаматтардың күн сайын бетпе-бет келіп отырған зорлық-зомбылықтары туралы айтылды.