Қазақстан әскерилері Мәскеу парадына қатысады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47183-Қазақстан_әскерилері_Мәскеу_парадына_қатысады
Қазақстан Қорғаныс министрі ел әскерилерінің Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге келгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 16, 2020 12:52 Asia/Almaty
  • Қазақстан әскерилері Мәскеу парадына қатысады

Қазақстан Қорғаныс министрі ел әскерилерінің Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге келгенін хабарлады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан қарулы күштерінің бірліктері Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге келді. Мәскеу парадына қатысатын қазақстандық әскерилердің қолбасшылығы міндетін Қазақстан қарулы күштері құрлық күштері қолбасшысының орынбасары Дәулет Оспанов атқарады.

Бұдан бұрын Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шараға қатысатынын хабарлаған болатын.

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына арналған әскери парад биыл коронавирус пандемиясына байланысты 24 маусымда өтеді.