Еуроодақ Сыртқы істер министрлері АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» жобасына қарсылық білдірді
Еуроодақ Сыртқы істер министрлері АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» жобасына қарсылық білдірді.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Еуроодақ Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен видео форматта өткізген ортақ отырыста «Ғасыр мәмілесі» жобасын қабылдамайтынын қуаттады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель де Еуроодақ Сыртқы істер министрлері мен Помпеоның видео отырысынан кейін: «Еуропалықтар «Ғасыр мәмілесі» жоасына қарсы»,- деді. Боррель, сондай-ақ, сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауының бөлімдерін басып алынған жерлерге қосып алу шешіміне тоқталып, Еуроодақтың сионистік режимнің бұл шешіміне толық қарсы екенін мәлімдеді.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Иордан өзенінің батыс жағалауының бөлімдерін басып алынған жерлерге қосып алу жобасының алдағы айларда іске асырылатынын жариялаған болатын. Бұл тақырып АҚШ Президенті Дональд Трамптың 2020 жылдың 28 қаңтар айында жариялаған нәсілшіл мәмілесінің бір бөлімі болып табылады.
«Ғасыр мәмілесі» – Палестина халқының құқыларын жоятын АҚШ үкіметінің жаңа жобасы. Бұл жоба кейбір араб үкіметтерінің, соның ішінде Сауд Арабиясының ынтымақтастығы және келісімімен дайындалды. Бұл жоба Құдсты сионистік режимге тапсырып, қарсыласу күштерін күресу, палестиналық босқындарды еліне оралу құқықтарынан айырады. Иордан өзенінің батыс жағалауының 30 пайызын Израильге тапсыру – аталмыш сұм жоба баптарының бірі. Бүкіл палестиналық топтар мен ағымдар бұл жобаға қарсылықтарын жариялады. Әлемнің көптеген елдері, жеке тұлғалар мен саяси және діни қайраткерлер, әсіресе мұсылмандар «Ғасыр мәмілесі» жобасын айыптады. АҚШ – Израильдің Палестина халқына қарсы басқыншылығы мен қылмыстарының негізгі қолдаушысы.