Теһран мен Мәскеу халықаралық құқық жоғарылап, әлемде әділ жүйенің орнауын қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47195-Теһран_мен_Мәскеу_халықаралық_құқық_жоғарылап_әлемде_әділ_жүйенің_орнауын_қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбі күні Мәскеуде ортақ мәлімдеме жасап: «Теһран мен Мәскеу аймақтық және жаһандық шұғыл мәселелерді шешу үшін халықаралық құқықта танылған жалпы принциптер мен ережелерге негізделген әділ, жан-жақты әрі ұжымдық қатынастарды белсенді түрде жоғарылтуға шешім қабылдады»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 17, 2020 17:34 Asia/Almaty
  • Теһран мен Мәскеу халықаралық құқық жоғарылап, әлемде әділ жүйенің орнауын қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбі күні Мәскеуде ортақ мәлімдеме жасап: «Теһран мен Мәскеу аймақтық және жаһандық шұғыл мәселелерді шешу үшін халықаралық құқықта танылған жалпы принциптер мен ережелерге негізделген әділ, жан-жақты әрі ұжымдық қатынастарды белсенді түрде жоғарылтуға шешім қабылдады»,-деді.

Иран мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері: «Теһран мен Мәскеу кейбір елдердің басқа мемлекеттердің заңды үкіметтерін қолдан өзгерту мақсатында ішкі немесе сыртқы істеріне араласуын айыптайды»,-деді.

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері келіссөздерінің соңы мен Зарифтің Түркия сапар барысындағы аймақтық кеңестерінің жалғасында жарияланған Мәскеу мәлімдемесінде аймақтың қазіргі жағдайы мен халықаралық құқық туралы маңызды жайттар қамтылды. Халықаралық құқық саласында АҚШ-тың келісімдер мен халықаралық ұйымдардан шығуы, АҚХА Басқарма кеңесінің шешімдеріне араласуы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына немқұрайлы қарауы сияқты әрекеттер қазіргі халықаралық қатынас жүйесіне қатер төндіретін мәселелер болып табылады.  Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының күшін жою – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарының бір бөлігі. Зариф пен Лавров Мәскеудегі  келіссөздерінде осы тақырып жайлы пікір алмасты. Бұл санкция 2020 жылдың 18 қазанында күшін жояды.  

АҚШ-тың қару-жарақты бақылау ұйымының қарусыздану бөлімінің директоры Килси Давенпорт: «Егер Помпео өз жобасын ілгерілететін болса, Иранға қарсы санкциялардың қайта күшіне енуі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жояды»,-деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қолдауына ие болған соң  шын мәнінде атом энергетикасы саласында ортақ ерік-жігер мен өзара сенімнің арқасында қол жеткізілген халықаралық келісімге айналды. Иран осы салада тіпті өз міндеттемелерінен артық әрекет етті. Ядролық келісім – барлық тараптар үшін көпжақты міндеттеме.

АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемесін орындамай, қасақана түрде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының баптары мен БҰҰ жарғысының 25-бабын бұзды. Ал енді ядролық келісімді толық жоюды мақсат тұтып отыр. Осы орайда Зарифтің Мәскеудегі келіссөздерімен бір мезгілде Иранның АҚХА-дегі өкілі Казем Ғарибабади осы ұйымның Басқарма кеңесінің маусымдық отырысында агенттіктің Бас директорынан АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттерін өз есебінде айтуын сұрап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптары, әсіресе үш еуропалық ел мен халықаралық қауымдастық кеш болмай тұрғанда ядролық келісімдегі өз міндеттемелерін орындау жолында сындарлы қадам жасап, сенімді нығайтуы тиіс»,-деді.  

Иранға қарсы қарар бекітілген жағдайда ИИР да амалсыздан соған сәйкес тиісті шара қабылдайтын болады. Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеуде Иран Сыртқы істер министрімен ортақ отырысында: «АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға талпынысы нәтиже бермейді. Алайда осы әрекеттің салдарының бір бөлігіне жауапкершілік аталмыш келісімде өз міндеттемелерін атқармаған үш еуропалық елге артылатын болады»,-деп қуаттады.