Джон Болтон Трамптың Иранға қарсы ұстанымдарын әшкереледі
АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі өзінің жаңа кітабында ел басшысының Иранға шабуыл жасаса, Израильді қолдауға дайын екенін әшкереледі.
«Иерусалим Пост» сионистік газетінің жазуынша, Джон Болтон кітабында: «АҚШ Президенті Дональд Трамп оған егер Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранға шабуыл жасайтын болса, оны қолдайтынын айтты»,-деп мәлімдеді.
Трамп бұл сөзді 2017 жылы өткен отырыстардың бірінде айтқан.
Кітаптың келесі бір бөлігінде Болтон Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің 2019 жылдың тамыз айында Францияға сапары және осы елде G7 тобы отырысының өткеніне тоқталды.
Болтонның уәждеріне сәйкес, АҚШ Президенті кездесуді қалағандықтан Франция Президенті Эммануэль Макрон Трампты Зарифпен кездесуге шақырған.
Болтон кітабының бірнеше бөлігінің жариялануы Трамптың ашу-ызасын тудырды.