Сирия істері жөніндегі АҚШ өкілі: Вашингтон Башар Асад үкіметін құлатуды көздемейді
Маусым 23, 2020 14:11 Asia/Almaty
Сирия істері жөніндегі АҚШ өкілі лаңкестер 9 жыл бойы Сирия үкіметін құлата алмаған соң, АҚШ-тың Башар Асад үкіметін құлатуды көздемейтінін жариялады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Джеймс Джеффри дүйсенбі күні Таяу Шығыс институтында АҚШ-тың Башар Асад үкіметін құлатуды көздемейтінін қуаттап: «Елді кім басқаратыны туралы Сирия халқының өзі шешім қабылдауы керек»,- деді. Джеффри өз сөзін америкалықтар сан рет Асадты билік басынан алып тастау қажеттігін қуаттаған жағдайда айтты.
Сирия Президенті Башар Асад АҚШ пен оның одақтастары қолдаған Сириядағы лаңкестермен күресте маңызды рөл атқарды.