Иран – есірткіге қарсы күресте көшбасшы
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47283-Иран_есірткіге_қарсы_күресте_көшбасшы
БҰҰ-ның Теһрандағы есірткі және қылмыспен күрес кеңсесінің өкілі Александр Федулов сейсенбі күні Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күніне байланысты видео конференция форматында өткен отырыста Иранның есірткіге қарсы күресіне алғыс айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 24, 2020 15:04 Asia/Almaty
  • Иран – есірткіге қарсы күресте көшбасшы

БҰҰ-ның Теһрандағы есірткі және қылмыспен күрес кеңсесінің өкілі Александр Федулов сейсенбі күні Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күніне байланысты видео конференция форматында өткен отырыста Иранның есірткіге қарсы күресіне алғыс айтты.


Нашақорлық – коронавирус секілді шынайы әрі ұзақ уақытқа созылатын күресті қажет ететін әлемдік қоқан-лоққы. Биыл  Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні «Жақсырақ қамқорлық жасау үшін көбірек білім» деген ұранның таңдалуы есірткімен күреске жаңа көзқарасты білдіреді. Алайда оқиғалар мен олардың себептерін ұмытуға болмайды.

БҰҰ-ның мәлімдемелері халықаралық қауымдастықтың апиын өсіру және өндіру мәселесі,  соның ішінде апиын өндірісінің негізгі орталықтарының бірі Ауғанстан тақырыбына көңіл бөлмейтінін көрсетті. БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, есірткінің заңсыз айналымының өсуі жыл сайын шамамен 100 мың адамның өліміне себеп болуда. Сондай-ақ, есіркті контрабандасы лаңкестердің қаржылай нығаюы мен қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп-қатер тудыратын экстремистік арналардың дамуына жеткізеді. Сондықтан халықаралық қауымдастық есірткі өндірісі мен оның контрабандасына қарсы күресті күшейтуі керек. Қазіргі уақытта АҚШ әскерилерінің  Ауғанстанда орналасуынан бері шамамен 19 жыл өтті. Статистика бұл елде 2001 жылмен салыстырғанда апиын өндірісінің  бірнеше есе өскенін көрсетті. Яғни, АҚШ-тың лаңкестікпен күресі басталғаннан бері есірткі өндірісі өсіп, 4800 тоннаға жетті.

ИИР өткен қырық жылда есрткімен бар күшімен күресті. БҰҰ-ның 2020 жылғы мәлімдемесі бойынша, Иран әлемдік деңгейдегі апиынның 90 пайызын, героинның 26, морфийдің 48 пайызын тәркіледі. Тек бір жылда 950 тоннадан астам   есірткі мен психотроптық дәріні тәркілеуі адамзат қоғамы үшін жасалған үлкен қызмет саналады.   

Иран есрткімен күрес жолында шамамен төрт мың азаматынан айырылды.  БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі кеңсесінің Теһрандағы өкілі Федулов Иран үкіметінің есірткіге қарсы күресін мадақтап: «БҰҰ есірткімен күрес саласында Иранмен ынтымақтастығын тереңдетуге талпынады»,- деді. Бұл күрес көптеген мемлекеттер, әсіресе Еуропа үшін маңызды. Бірақ дәл осы мемлекеттер АҚШ-тың санкцияларын сылтауратып, көмектесуден бас тартумен бірге, тіпті Иранға есірткі контрабандасымен күресуге қажет жабдықтарды сатпай отыр.