Конгресс өкілдері Израильдің Иорданның батыс жағалауын қосу шешіміне алаңдаушылық білдірді
АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының 191 өкілі Израиль басшыларына хат жазып, бұл режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауының бір бөлігін басып алған жерлерге қосуға шешім қабылдауына алаңдаушылық білдірді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл хат бейсенбі күні Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху, Соғыс министрі Бени Ганц пен Сыртқы істер министрі Габи Ашкеназиге жолданды.
Америкалық заң шығарушылар хатта АҚШ-тың қос партиясы – демократтар мен республикашылдардың сионистік жүйені баяғыдан қолдап келе жатқанын еске салып, режимнің біржақты шарасының қатерлері жайлы ескертті.
АҚШ Өкілдер палатасының 191 өкілі осы хатта: «Сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауының бір бөлігін басып алған жерлерге қосуға табандылық танытатын болса, мұның жағымсыз салдарлары, соның ішінде еуропалық елдермен қарым-қатынасында үлкен қиындықтар болуы мүмкін»,-деді.