Азия Даму банкі Қазақстанға бір миллиард доллар көмек көрсетеді
Азия Даму банкі коронавирус пандемеиясының әлеуметтік, экономикалық салдарларын төмендету және Қазақстанның денсаулық саласына тигізген теріс әсерлерін азайту үшін бір миллиард доллар көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл көмек Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы қызметін, әлеуметтік қолдау және экономикасын жақсартуға жұмсалады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Азия Даму банкінің президенті Асакава Масацуго банкті Нұр-Сұлтанның маңызды серіктесі деп атап: «Азия Даму банкі осындай ауыр кезеңде Қазақстанға көмектеседі. Бұл қаржы көмектері коронавирустың таралуын төмендету және ел үкіметінің пандемияның теріс салдарларының алдын алу әрекеттерін қолдауды көздейді. Азия Даму банкі Қазақстан басшыларымен қоғамдық органдарды жақсарту реформаларды іске асыру, шағын кәсіптерге инвестиция салу, ауылшаруашылықғын жақсарту салаларында ынтымақтастық жасайды»,- деді.