АҚШ-тың Қаржы министрі: Иранға қысымды жалғастырамыз
АҚШ-тың Қаржы министрі бейсенбі күні ИИР-на қарсы негізсіз айыптарын қайталап: «Вашингтон Иран экономикасының кейбір салаларына қысым жасап, оқшаулауды көздеп отыр»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Стивен Мнучин АҚШ-тың ИИР-на қарсы жаңа санкцияларынан кейін күлкілі сөз айтып: «Иран түрлі металл өндіреді және әлемнің түкпір‑түкпірінде тұрақсыздық тудыратын белсенділіктерге инвестиция салу үшін сыртқы сауда өкілдіктерін пайдаланады»,-деді.
АҚШ Қаржы министрлігі Вашингтонның Иранға қарсы жауластық шараларының жалғасында Иранның болат және басқа да металл өнеркәсіптеріне қатысты 8 компанияға санкция салды.
АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Вашингтон 3 ирандық компанияға, БАӘ-дегі 3 компанияға, Гонконгтағы 1 компания мен Германиядағы 1 компанияға санкция салды.