Мьянма армиясы мұсылмандарға шабуыл жасауға дайындалуда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47344-Мьянма_армиясы_мұсылмандарға_шабуыл_жасауға_дайындалуда
Мьянма армиясының мұсылмандар өмір сүретін Рохиньядағы жаңа әрекеттері бұл аймақтың мыңдаған тұрғындарының босқынға айналуына себеп болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 29, 2020 17:04 Asia/Almaty
  • Мьянма армиясы мұсылмандарға шабуыл жасауға дайындалуда

Мьянма армиясының мұсылмандар өмір сүретін Рохиньядағы жаңа әрекеттері бұл аймақтың мыңдаған тұрғындарының босқынға айналуына себеп болды.

 

ISNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі мәліметінше, Мьянма үкіметі жексенбіде бұл елдің армиясының мұсылмандар өмір сүретін Рохиньядағы жаңа әрекеттерін растап, бұл әрекеттердің әскери жасақтарды басып-жаншу мақсатпен басталғаны туралы уәжденді. Мұсылмандар өмір сүретін Рохинья аймағының Қауіпсіздік және шекара министрі Мин Танның айтуынша, бұл әрекеттер бір аптаға созылуы мүмкін және бұл аймақта қалған кез келген адам нысана ретінде қаралады.

2017 жылдың 25 тамызынан кейінгі Мьянма армиясы мен экстремистік буддистердің Рохинья мұсылмандарына қарсы шабуылдарының салдарынан 6 мыңнан астам мұсылман қаза болды және шамамен бір миллионы Бангладешке қашты.

БҰҰ тәуелсіз зерттеулер комитеті Мьянма армиясын Рохинья мүсылмандарын қырып-жойғаны үшін айыптады.