Италия жағалауында балық аулау торларынан кәріптас кит құтқарылды
Маусым 30, 2020 14:49 Asia/Almaty
Италияның төрт биологы мен жағалау күзеті күштерінің көмегімен балық аулау торына түскен кәріптас кит босатылды. Сицилия аралының солтүстік жағалауында төрт биолог кездейсоқ балық аулайтын торға түскен 10 метрлік кәріптас китті көріп, жағалау күзеті күштерін көмекке шақырды. Кит тордан босап, оны күтіп тұрған үш досына қосылды.