Тахтраванчи: Коронавирусқа қарсыласу үшін санкциялар күшін алып тастау қажет
Бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің коронавирус пандемиясының салдарларын талқылау отырысы өтті.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің коронавирус пандемиясының салдарларын талқылау отырысында: «Өлім-жітімі жоғары эпидемиялар елдердің экономикалық және әлеуметтік жағдайларына теріс әсерін тигізді және тағы бір аурудың қосылуы жағдайды одан сайын қиындатты. Иран коронавируспен тұспа-тұс АҚШ санкцияларымен бетпе-бет келген ел ретінде санкциялардың және дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардың импортына тыйым салудын елдің коронавируспен күресу әлеуетін қаншалықта әлсірететінін жақсы біледі. Біржақты санкциялар науқас адамдарды басқалардан көбіеру нысанаға алады. Бұл аталмыш санкциялардың адамгершіліктен жат және заңсыз екендерін көрсетті»,- деді.