АҚШ Мемлекеттік департаменті Натанз оқиғасына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47393-АҚШ_Мемлекеттік_департаменті_Натанз_оқиғасына_реакция_білдірді
АҚШ Мемлекеттік департаменті уран байыту Натанз нысанындағы оқиғаға реакция білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 03, 2020 12:45 Asia/Almaty
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті Натанз оқиғасына реакция білдірді

АҚШ Мемлекеттік департаменті уран байыту Натанз нысанындағы оқиғаға реакция білдірді.

Associated Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысының бірі Вашингтонның Натанз уран байыту нысаны қоймаларының біріндегі өрт туралы мәліметтерді қадағалап жатқанын мәлімдеді. Ол: «Бұл оқиға Иранның ядролық бағдарламасына басымдық беруін жалғастыруын еске салды»,- деді.  

ИИР Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі Беһруз Камалванди бейсенбі күні бұл оқиғада ешбір оқиғада адам шығынының болмағанына тоқталып: «Нысанның әрекетсіздігіне байланысты (ядролық) ластану мүмкіндігі тұрғысынан алаңдайтын жәйт жоқ. Қазіргі кезде Иран Атом қуаты ұйымы мамандары өрттін себептерін тексеруде»,- деп мәлімдеді.