Халықаралық қылмыс сотына Трамп пен Нетаньяхудың үстінен шағым түсті
(last modified Fri, 03 Jul 2020 13:12:06 GMT )
Шіл 03, 2020 19:12 Asia/Almaty
  • Халықаралық қылмыс сотына Трамп пен Нетаньяхудың үстінен шағым түсті

Лондондағы халықаралық құқық саласындағы танымал ұстаз Палестина халқына қарсы әскери қылмыстарына байланысты АҚШ пен сионистік режим басшыларының үстінен шағымданды.

 

Америкалық "Commonwealth": «Лондондағы Мидлендс университетінің халықаралық құқық профессоры Уильям Шабас Халықаралық қылмыстық соттың прокуратурасына шағым түсіріп, «Ғасыр келісімі» деп аталатын Палестинаға қарсы жобаның сәулетшілерін тергеуге шақыруды талап етті. Бұл ұстаз АҚШ Президенті Дональд Трамп, сионистік режим премьер-министрі Бениамин Нетаньяху мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, Трамптың күйеу баласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнерге шағымданды. Шабас виртуалды баспасөз отырысында: «Израильдің Иордан өзенінің батыс жағалауының бөлімдерін аннексиялау жөніндегі қоқан-лоққысы Рим жарғысы бойынша халықаралық қылмыс саналады»,- деді.