АҚШ БҰҰ-ның сардар Солейманидің терроры туралы мәлімдемесіне ызасын білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47462-АҚШ_БҰҰ_ның_сардар_Солейманидің_терроры_туралы_мәлімдемесіне_ызасын_білдірді
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы сәрсенбі кешке БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Агнес Калламардтың Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманидің террорының заңсыз болуы туралы мәлімдемесін сынады.
(last modified 2026-07-21T18:50:21+00:00 )
Шіл 09, 2020 13:09 Asia/Almaty
  • АҚШ БҰҰ-ның сардар Солейманидің терроры туралы мәлімдемесіне ызасын білдірді

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы сәрсенбі кешке БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Агнес Калламардтың Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманидің террорының заңсыз болуы туралы мәлімдемесін сынады.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Морган Ортагус бұл мәлімдемені сынап: «БҰҰ мәлімдесін шығару мен АҚШ-ты сардар Солейманиге шабуыл жасағаны үшін айыптау интеллектуалды күйреудің бір түрі болды», - деді. БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Агнес Калламард сейсенбі күні Американың сардар Солейманиге қарсы террорын ақтауын қабылдамай, америкалық лаңкестердің бұл әрекетін халықаралық заңдар мен БҰҰ Жарғысын бұзу деп тапты.