Вашингтон қайтадан Иран, Ресей және Қытайды АҚШ сайлауына араласумен айыптады
Шіл 16, 2020 11:01 Asia/Almaty
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Майк Помпео Иран, Ресей, Қытай мен Солтүстік Кореяны АҚШ-тың ағымдағы 2020 жылы өтетін президенттік сайлауына араласуға талпынуда деп айыптап: «Вашингтон бұл талпыныстарға қарсы шара қолданады»,- деп жариялады.
АҚШ үкімет басшылары, олардың ішінде Помпео бұдан бұрын да Иран, Қытай және Ресейді бұл елдің сайлауына араласу талпыныстарымен айыптаған болатын. Сарапшылардың көбі Вашингтон Иран, Қытай және Ресейді айыптап, АҚШ халқының бұл елдің алдағы президенттік сайлауында Дональд Трампқа дауыс беру пікірін өзгертпекші деп санайды.