Помпео: Иранға қатысты жаңа саясат қабылдадық
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47567-Помпео_Иранға_қатысты_жаңа_саясат_қабылдадық
АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталап, бұл елдің үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранға қатысты жаңа саясат қабылдағанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 18, 2020 10:35 Asia/Almaty
  • Помпео: Иранға қатысты жаңа саясат қабылдадық

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталап, бұл елдің үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранға қатысты жаңа саясат қабылдағанын мәлімдеді.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Майк Помпео сенбі таңертең Айова штатында: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі бұл елдің бұрынғы үкіметінің саясатын өзгертті. Біз келісімнен шығып, Иранға қатысты жаңа саясат қабылдадық»,- деді.  АҚШ Президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, мейілінше қысым көрсету саясатты жүргізіп, Иранды өз ойынша «жақсырықа келісімге» қол қою үшін келіссөздер жүргізуге мәжбүрлеуі жөнінде уәде берген. Бұл уәдесінен екі жыл өтіп, нәтижеге жетпегендігінен қараша айындағы  президенттік сайлаудың алдында Трамп АҚШ-тың әртүрлі топтарының сындарымен бетпе-бет келуде.