Бүгіннен украиналық ұшақтың қалпына келтірілген деректерін талдау басталды
Франциядағы Иран елшісі бүгін, сейсенбіден апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың қара жәшіктерінің қалпына келтірілген деректерін талдау жұмыстардың Францияның BEA зертханасында басталғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Франциядағы Иран елшісі: «Парижге аттанған Иранның техникалық тобы мен Франция зертханасыынң мамандық тобы өткен күні (дүйсенбіде) бірігіп апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың екі қара жәшігіндегі мәліметтерді оқи алды»,- деп мәлімдеді.
Украиналық ұшақтың екі қара жәшігінің FDR (әуерейстің деректерін жазатын) бөлімі және CVR (ұшқыштың кабинасындағы сөзді жазатын) бөлімінің деректері оқылды.
Иран Азаматтық авиация ұйымының техникалық тобы дүйсенбі күні апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың қара жәшіктерімен Францияның ұшақтар қауіпсіздігін тексеретін зертханаға енді.