Оңтүстік Кореяның алғашқы әскери жерсерігі ғарышқа ұшырылды
Шіл 22, 2020 14:32 Asia/Almaty
Корей түбегіндегі шиеленіс күшейіп, АҚШ-тың аймақтағы авантюралары ушығып келе жатқанда, Оңтүстік Корея сейсенбіде АҚШ-тың Флоридасынан өзінің алғашқы әскери жерсерігін ғарышқа ұшырды. «ANASIS 2» деп аталатын Оңтүстік Кореяның байланыс жерсерігі әскери жоба болғандықтан, ол туралы көп мәлімет таратылмады. Бұл әскери жерсерік Корея түбегіндегі әскери әрекеттерді бақылайды.