Кентуккиде қарулы қара нәсілділердің нәсілшілдікке қарсы шеруі өтті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47679-Кентуккиде_қарулы_қара_нәсілділердің_нәсілшілдікке_қарсы_шеруі_өтті
Кентукки штатының қара нәсілді азаматтарының бір тобы полицияның қатігездіктері мен осы штатта бір қара нәсілді әйелдің өлтірілгеніне наразылық ретінде шеру өткізді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 27, 2020 11:30 Asia/Almaty

Кентукки штатының қара нәсілді азаматтарының бір тобы полицияның қатігездіктері мен осы штатта бір қара нәсілді әйелдің өлтірілгеніне наразылық ретінде шеру өткізді.

Қарулы наразылар сенбі күні  АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында наразылық акциясын өткізіп, қара нәсілді әйел Бреонна Тейлорға қатысты әділеттік орнауын талап етті. Бұл әйел үстіміздегі жылдың наурыз айында өз үйіне полицияның басып кіруі кезінде өлтірілген. Өздерін NFAC деп атайтын қарулы қара нәсілділер Тейлор ісіне қатысты әділеттік орнауын талап етуде.