«Хуршид» (Күн) көркем фильмі Венеция халықаралық кинофестиваліне жолдама алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47710-Хуршид_(Күн)_көркем_фильмі_Венеция_халықаралық_кинофестиваліне_жолдама_алды
Маджид Маджидидің режиссерлігімен түсірілген «Хуршид» (Күн) атты ирандық көркем фильм 77-ші халықаралық кинофестивальдің «Алтын арыстан» жүлдесін алу жолындағы бәсекеге қатысу үшін Венецияға аттанды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 29, 2020 15:03 Asia/Almaty
  • «Хуршид» (Күн) көркем фильмі Венеция халықаралық кинофестиваліне жолдама алды

Маджид Маджидидің режиссерлігімен түсірілген «Хуршид» (Күн) атты ирандық көркем фильм 77-ші халықаралық кинофестивальдің «Алтын арыстан» жүлдесін алу жолындағы бәсекеге қатысу үшін Венецияға аттанды.

Венеция халықаралық кинофестивалі – әлемдік кинематография саласындағы ең көне әрі үздік оқиғалардың бірі. Жаңа туындыларды таныстыруға арналған ең жақсы витрина саналатын бұл кинофестиваль жыл сайын Италияның Венеция облысындағы Лидо аралында өтеді.

77-ші халықаралық кинофестиваль коронавирустың таралуына қарамастан биыл 2-12 қыркүйек аралығында өтеді. Еңбекке тартылған балалар тақырыбындағы «Хуршид» (Күн) көркем фильмі фестивальдің басты бөлімінде Иранның кинематографиясын таныстыратын болады.