АҚШ-тың нәсілшіл үкіметін айыптап, халқының қозғалысына қолдау білдіреміз
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47711-АҚШ_тың_нәсілшіл_үкіметін_айыптап_халқының_қозғалысына_қолдау_білдіреміз
Ислам революциясының жетекшісі: «Қазіргі таңда АҚШ-та нәсілдік кемсітушілікке қарсы қозғалыс белең алған жағдайда біздің кесімді ұстанымымыз – халықты жақтау және АҚШ-тың нәсілшіл үкіметінің рақымсыз қатынасын айыптау»,-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 29, 2020 16:11 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың нәсілшіл үкіметін айыптап, халқының қозғалысына қолдау білдіреміз

Ислам революциясының жетекшісі: «Қазіргі таңда АҚШ-та нәсілдік кемсітушілікке қарсы қозғалыс белең алған жағдайда біздің кесімді ұстанымымыз – халықты жақтау және АҚШ-тың нәсілшіл үкіметінің рақымсыз қатынасын айыптау»,-деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи қажылыққа байланысты жолдауында: «АҚШ-тың көшелеріне қарасаңыз, ел басшыларының халыққа қатынасын, елдегі әлеуметтік топтар арасындағы алшақтықтың терең сайын көреміз, елді басқару үшін сайланған адамдардың ақымақтығын, шегіне жеткен нәсілдік кемсітушілікті, еш жазығы жоқ қарапайым адамды көшеде жалпақ жұрттың алдында суыққандылықпен азаптап, өлтіретін полиция қызметкерлерінің қатігездігін, Батыс өркениетінің ақлақтық-әлеуметтік дағдарысының тереңдігін, оның саяси-экономикалық философиясының бұрмаланғанын айқын көреміз»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «АҚШ-тың әлсіз ұлттарға қатынасы – қорғансыз қара нәсілдінің мойнын тізесімен басып, өлгенше қысқан әлгі полиция қызметкерінің қатынасының үлкейтілген нұсқасы»,-деді.

Аятолла Хаменеи қажылықтың жемқорлық, зұлымдық, әлімжеттік пен талан-тараж ошағы саналатын үстемшіл елдерге мұсылмандардың күш-қабілетін көрсететін жаттығу екенін және қазір Ислам үмбетінің жаны мен тәнінің олардың зорлығы мен дұшпандығынан қансырап тұрғанын айтып: «АҚШ-тың Батыс Азияда болуы аймақ халықтарына зиян тигізуде және тынышсыздық орнап, елдердің құлдырап, артта қалуына себеп болып отыр»,-деді.  

Аятолла Хаменеи Ислам үмбетінің басқыншы АҚШ пен сионистік режимге қарсы бірігуі қажеттігін және сондай-ақ, Палестинаның жапа шеккен халқына көмектесіп, Йеменнің жаралы денесіне жан дауа болып, әлемнің кез келген жерінде зорлық-зомбылық көрген мұсылмандардың мәселелеріне көңіл бөлу қажеттігін айтып, мұсылман бауырына иек артудың орнына дұшпанды паналайтын және бес күндік жеке пайда үшін дұшпанның  қорлығы мен зорлығына көніп, өз халқының тәуелсіздігі мен абырой-айбынына сызат түсіріп жатқан кейбір ислам елдерінің басшыларын мұндай сорақы әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, ИИР-ның жетістіктеріне тоқталып: «Қазіргі заманның ең ірі қарақшысы, яғни АҚШ бізді қорқыта да, айласына көндіре де алмады, тіпті біздің рухани және материалдық дамуымызды тежеуге қауқары жетпеді»,-деп еске салды.