Зариф мұсылман халықтарын Құрбан айтпен құттықтады
Шіл 30, 2020 13:49 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жеке парақшасында мұсылман халықтарын Құрбан айтпен құттықтады.
Ол өз құттықтауында: «Құрбан айт келіп жетті. Біз ерекше жағдайда оның қонағы болып отырмыз. Ислам үмбетін осы мерекемен құттықтаймын. Бұл айт бәрімізге исламдық және адамдық құндылықтар жолында бірлік пен біртұтастықты сақтап, жанпидалық жасауға шабыт беретініне үміттенемін»,-деп жазды.