Иран мен Грузияның экономикалық қатынасын тереңдету қуатталды
(last modified Thu, 30 Jul 2020 13:22:19 GMT )
Шіл 30, 2020 19:22 Asia/Almaty
  • Иран мен Грузияның экономикалық қатынасын тереңдету қуатталды

Грузиядағы Иран елшісі екі елдің экономикалық қатынасын тереңдету қажеттігін қуаттады.

Грузиядағы Иран елшісі сейіт Джавад Қаввам Шахиди сәрсенбі күні Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Натия Турунава ханыммен кездесуінде екі елдің ынтымақтастық әлеуеттеріне тоқталып, коронавирусқа дейінгі екіжақты қарым-қатынасты кеңейту үдерісін қайта жандандыруға күш салып, медициналық протоколдарды сақтай отырып, экономикалық әріптестікті тереңдету қажеттігін айтты.

Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Иранмен экономикалық әріптестікті кеңейтуді қолдайтынын білдіріп, коронавирусты екі елдің сауда қатынасының төмендеуінің ең маңызы себептерінің бірі деп атап: «Коронавирустың жан-жақты таралуы азайғаннан кейін Иранмен сауда-экономикалық  қарым-қатынасты қайта жандандыру – Грузия басшыларының күн тәртібінде тұрған маңызды мақсаттардың бірі»,-деді.