Джахангири ислам елдерінің Премьер-министрлерін Құрбан айтпен құттықтады
Шіл 31, 2020 14:41 Asia/Almaty
ИИР Вице-президенті ислам елдерінің Премьер-министрлері мен Вице-президенттерін Құрбан айтпен құттықтады.
Исхақ Джахангири ислам елдерінің Премьер-министрлері мен Вице-президенттеріне жеке-жеке құттықтау хатын жолдап, Құрбан айтын Алланың бұйрығына қалтқысыз бас иіп, құлшылық етудің көрінісі деп атап, Алла тағаладан мұсылман халықтарға бақыт пен береке-бірлік беруін сұрады.
Джахангири Құрбан айт мерекесі қарсаңында ислам елдері мен ғалымдарының еселенген талпыныстарының арқасында ислам елдерінде тілектестік, тыныштық пен бейбітшілік орнайтынына және бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп отырған COVID-19 індетін жеңіп, бақылауға алынатынына үміт білдірді.