Джахангири ислам елдерінің Премьер-министрлерін Құрбан айтпен құттықтады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47740-Джахангири_ислам_елдерінің_Премьер_министрлерін_Құрбан_айтпен_құттықтады
ИИР Вице-президенті ислам елдерінің Премьер-министрлері мен Вице-президенттерін Құрбан айтпен құттықтады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 31, 2020 14:41 Asia/Almaty
  • Джахангири ислам елдерінің Премьер-министрлерін Құрбан айтпен құттықтады

ИИР Вице-президенті ислам елдерінің Премьер-министрлері мен Вице-президенттерін Құрбан айтпен құттықтады.

Исхақ Джахангири ислам елдерінің Премьер-министрлері мен Вице-президенттеріне жеке-жеке құттықтау хатын жолдап, Құрбан айтын Алланың бұйрығына қалтқысыз бас иіп, құлшылық етудің көрінісі деп атап, Алла тағаладан мұсылман халықтарға бақыт пен береке-бірлік беруін сұрады.

Джахангири Құрбан айт мерекесі қарсаңында ислам елдері мен ғалымдарының еселенген талпыныстарының арқасында ислам елдерінде тілектестік, тыныштық пен бейбітшілік орнайтынына және бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп отырған COVID-19 індетін жеңіп, бақылауға алынатынына үміт білдірді.