АҚШ Иранның металлургия саласына қарсы санкцияларын кеңейтті
Шіл 31, 2020 17:18 Asia/Almaty
АҚШ Ммемлекеттік хатшысы Майк Помпео бейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Вашингтон Теһранға қысымды арттыру үшін Иранның металлургия саласына, соның ішінде 22 металға қарсы жаңа санкциялар салды»,-деп хабарлады.
АҚШ Ммемлекеттік хатшысы осы 22 металға қатысты Теһранмен сауда жасайтын адамдарға ескерту жасады.
Трамп тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін Иранның экспорттық табысын төмендету мақсатында осы елдің металлургия саласына санкция салынғанын қуаттады.