Венесуэлада Иран тауарларын сататын алғашқы сауда үйі ашылды
Там 01, 2020 12:13 Asia/Almaty
Венесуэланың астанасы Каракас қаласында Иран тауарларын сататын алғашқы сауда үйі ашылды.
20 мың шаршы метрден аса ауданды алып жатқан «Megasis» сауда үйінде ирандық тауарлардың 2500-ден аса түрі, соның ішінде азық-түлік, киім-кешек, целлюлозалық материалдар, жуғыш заттар, пластикалық және бір рет пайдаланылатын заттар, жаңғақтардың түр-түрі мен жеңіл тамақтар, трактор және т.б. сатылады.



