АҚШ режимі лаңкестік топтарды қолдайтынына жауап беруі тиіс
https://parstoday.ir/kz/news/world-i47769-АҚШ_режимі_лаңкестік_топтарды_қолдайтынына_жауап_беруі_тиіс
Иран Барлау министрлігі сенбі күні мәлімдеме жасап: «АҚШ-тан Ирандағы қарулы және диверсиялық амалдарды басқарып отырған «Тондар» лаңкестік тобының басшысы Джамшид Шармахд күрделі амал барысында Иран қауіпсіздік күштері тарапынан құрықталды»,-деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 02, 2020 15:12 Asia/Almaty
  • АҚШ режимі лаңкестік топтарды қолдайтынына жауап беруі тиіс

Иран Барлау министрлігі сенбі күні мәлімдеме жасап: «АҚШ-тан Ирандағы қарулы және диверсиялық амалдарды басқарып отырған «Тондар» лаңкестік тобының басшысы Джамшид Шармахд күрделі амал барысында Иран қауіпсіздік күштері тарапынан құрықталды»,-деп хабарлады.

«Тондар» лаңкестік тобы 2004 жылы «Фуруд Фуладванд» деген атпен танымал Фатхулла Манучехри тарапынан құрылды. Бұл адам осы топты құрудағы мақсаты бір жылдың ішінде ИИР жүйесін құлату деп жариялады. Фуруд Фуладвандқа тиесілі Your TV атты телеарна осы топтың ұстанымдарын жарнамалап, таратуға арналған. Бұл топ 2008 жылы Фарс облысының орталығы Шираз қаласында Сейед уш-Шохада діни орнында болған жарылысты жобалап, жүзеге асырған. Сол лаңкестік әрекетте Хұсейнді аза тұтушы 14 адам қаза тауып, 215 адам жараланды. Бұл лаңкестік топ соңғы жылдары Иранда бірнеше ірі амал атқаруды көздеді. Солардың қатарында Шираздың Сиванд бөгетін жару, Теһранның кітап көрмесінде цианид бомбаларын жару және имам Хомейни (р.) кесенесінде бомба жару болды. Бірақ қауіпсіздік күштерінің қырағылығы арқасында сәтсіздікке ұшырады.  

АҚШ Иранда лаңкестік әрекеттер жасап, қолдары жазықсыз адамдардың қанына былғанған лаңкестерге өз жерінен пана беріп, оларға түрлі қалыптарда қолдау көрсетіп отыр. АҚШ-тың осындай топтарды қолдауына қатысты екі сауал туындайды: АҚШ лаңкестікпен күрес жайлы не бетімен айтады? АҚШ көздеген аймақтық қауіпсіздік деген не?  

Бірінші сұрақтың жауабы: АҚШ басшылары лаңкестікпен күрес саясаты аясында шындықтарды бұрмалап жатыр. Өз кінәсін өзгеге жауып, Иранды аймақтың қауіпсіздігін бұзып отыр деп айыптап, өзінің аймақтағы бүлдіргі әрекетін жағымды ғып көрсетуге тырысады.

Екінші сұрақтың жауабы: АҚШ-тың аймақтағы қауіпсіздік деп айтатын нәрсесі шын мәнінде лаңкестерді дайындап, лаңкестік топтарды құрал ретінде пайдалану арқылы аймақты тынышсыздандыру болып табылады. Әл-Каиданың құру және ДАИШ-ке қолдау көрсету осы мақсатта жүзеге асырылды.

АҚШ үкіметі лаңкестерді қолдау тарихында «Мұнафықтар» тобының белсенділіктеріне де қолдау білдірді. Ал бұл топ Ирандағы көптеген лаңкестік әрекеттерге жауапкершілікті өз мойнына алған. Иранда болған лаңкестік әрекеттердің 17 мыңнан аса құрбаны – осындай қолдаулардың салдары.