Нью-Йоркте Нетаньяхуға қарсы шеру өтті
Нью-Йорк қаласында тұратын еврейлер басып алынған Палестина жерінде сионистік режим Премьер-министріне қарсы өтіп жатқан наразылықтарды қолдау мақсатында шеру өткізді.
«Гаарец» сионистік газетінің хабарлауынша, Нью-Йоркте тұратын еврейлердің бір тобы Манхеттен ауданының «Вашингтон» алаңында жиналып, сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы ұрандатып, оның отставкаға кетуін талап етті.
Беньямин Нетаньяхудың әлсіз жұмысы мен жемқорлық ісіне қарсы ауқымды наразылықтардың АҚШ-та таралғанына бірнеше күн болды. Алдымен Сан-Францискода, ал енді Нью-Йоркте осындай наразылықтардың куәсі болып отырмыз.
Жұма күні ондаған адам Сан-Францискодағы Golden Fate көпіріне жақын жерде жиналып, Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етті.

