Иранның Сирик айлағынан Оманға екінші мұнайдан тыс тауарлар жүгі жөнелтілді
Иранның оңтүстігіндегі Сирик көпмақсатты айлағынан Оманға екінші мұнайдан тыс жүк жөнелтілді
Сириктің басшысы Ахмад Джамалдини жексенбі күні Оманға екінші мұнайдан тыс тауарлар жүгін жөнелту аясында: «22 тонналық экспорттық тауарлар құрамында минералды су, түрлі жаңғақтар мен кептірілген жидектер, жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністер бар»,-деді.
120 тонналық бірінші мұнайдан тыс тауарлар жүгі өткен маусым айында Иранның Сирик айлағынан Оманға экспортталған болатын. Онда минералды су, «дуғ» сұйық әрі қышқыл айран, түрлі жаңғақтар мен кептірілген жидектер бар еді. Тауардың бір бөлігінің ерекшелігіне байланысты тасымалдауда тоңазытқыш контейнерлер пайдаланылды.
Сирик айлағы – Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының екінші ірі айлағы. 52 гектар ауданды алып жатқан айлақта қолайлы бассейн бар. Оның сауда және туристік әлеуеті зор.